Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

2024 жылдың 28 наурызында Қорқыт Ата университетінің Комплаенс офицері Жапасбаев Әлібек Бақытжанұлы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбаевна емханаға арнайы шақыртылып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Жапасбаев Әлібек Бақытжанұлы Мемлекет басшысы жолдауының бастамаларын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Жиналыстың соңында агенттіктің арнайы дайындаған бейнеролигі көрсетіліп, қорытындылады.