ХАБАРЛАНДЫРУ ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым — менің құқығым!» ұранымен 2024 жылдың 6 — 7 сәуір күндері сағат 09.00 — 13.00. аралығында емханада «Ашық есік» күні өткізілетінін хабарлаймыз. Құрметті тұрғындар, уақытыңызды тиімді пайдаланып дәрігердің қабылдауына келіп, тегін маммографиялық, флюрографиялық, ультрадыбыстықзерттеулерден өтуге шақырамыз. Сіздер үшін жасалған тиімді және қолжетімді медициналық көмекті пайдаланып, өз денсаулығыңызды зерделеуге шақырамыз. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!






