Темекіден бас тарту — денсаулыққа пайдалы!

Дүниеүзілік денсаулық күні. Темекіден бас тарту — денсаулыққа пайдалы! Темекіден бас тартудың артықшылығы тез және ұзаққа созылады.

✅ 20 минуттан кейін жүректің жиырылу жиілігі азайып, қан қысымы төмендейді.

✅ 12 сағаттан кейін қан құрамындағы көміртегі тотығы қалыпты деңгейге түседі.

✅ 2 — 12 аптадан кейін қанайналымы жақсарып, өкпенің қызметі күшейеді.

✅ 1 — 9 айдан кейін жөтел мен ентігу азаяды.

✅ 1 жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі шылым шегуші адаммен салыстырғанда екі есе азаяды.

✅ 5 — 15 жылдан кейін инсульт қаупі мен темекі шекпейтін адамның қауіпті деңгейіне дейін түседі.

✅ 10 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупі шылымқорлардың қауіпті деңгейімен салыстырғанда екі есе төмендейді, сонымен қатар ауыз қуысы, тамақ, өңеш, қуық, жатыр мойны мен ұйқы безінің қатерлі ісігінің даму қаупі төмендейді.

✅ 15 жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі темекі шекпейтін адамдардың деңгейіне дейін төмендейді.