БІЗБЕН БІРГЕ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
ЖАТТЫҒУ ЖАСАП КҮНІ БОЙЫ СЕРГЕК ЖҮР!
Физикалық жаттығулар дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, ағзамызды жетілдіру мен шынықтыруға, жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді.
Денсаулықтың баға жетпейтін басты байлық екенін ескерсек, арайлап атқан әр таңымыздың жаңа жұмыс күнін дене жаттығуымен бастау арқылы өмір сапасын арттыруға, айналамыздағы адамдарға қуанышты көңіл күй сыйлап, жемісті де еселі еңбек етуге болатынын жадымыздан шығармайық.
Келіңіз, СІЗ де БІЗДІҢ қатарға қосылыңыз ! Таңертең БІЗ шынығамыз! Еңбек етіп тынығамыз!







