ҚАНТ ДИАБЕТІ БАҚЫЛАУДА!

15.01.2026 жыл. ҚАНТ ДИАБЕТІ БАҚЫЛАУДА! Қант диабеті мектебінде денсаулық сабағы өткізілді.
Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қант диабеті инсулинге тәуелді инсулинге тәуелсіз
болып 2 түрге бөлінеді.
Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздіктің себебінен.
Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді
Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар.
Қант диабетінің алдын алу. Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
Алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде қант диабетпен ауырған адамдар болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
Екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек
Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық тұтынған дұрыс.
Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтаныңыз. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі. Біздің мақсатымыз – ұйқыбезіне жоғары жүктемелер болдыртпау үшін күн бойы тамақты біркелкі реттеу. Қант пен тұзды шектеңіз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді. Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйзелмеңіз. ҚД алдын алу қант диабетін анықтаған күннен бастап алдын алу қажет, қауіп фактор тобына жатады, ары қарай жылына 2 рет эндокринолог бақылауында бақылану. Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефролог өту қажет. Белсенді салауатты өмір салтын ұстану. Дені сау болу – бұл адамның табиғи ұмтылысы.
Қант диабетімен ауырасыз ба және сұрағыңыз көп пе?
Өзін –өзі басқару:
* Ауруыңды бақылауға
* Дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдауға
* Қан құрамындағы қантты реттеуге
* Дұрыс тамақтануып дене салмағын қадағалауға
* Артериялық қан қысымының деңгейін бақылауға
* Үнемі дене жаттығуын жасауға
* Күйзелісті басқаруға
* Темекі мен ішімдікті тұтынудан бас тартуға мүмкіндік береді
Өзін-өзі басқару өмір сапасын жақсартады!