Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық — басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Кәсіпорынның 23.04.2025 жылғы №55/н бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмысы 2024 жылды қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Ш.Есенов №38б мекенжайдағы ғимараттың 2 қабатында орналасқан «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №4 қалалық емханасы ШЖҚ КМК», emhana_04.kz сайтына жолдауға, сонымен қатар Кәсіпорынның 21-58-03 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!






