Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық еханасы» ШЖҚ КМК-ны болып табылады.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)   Кәсіпорынның ұйымдастырушылық — басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Кәсіпорынның 23.04.2025 жылғы №55/н  бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмысы 2024 жылды қамтиды.

Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Ш.Есенов №38б мекенжайдағы ғимараттың 2 қабатында орналасқан «Қызылорда облысының денсаулық сақтау  басқармасының №4 қалалық емханасы ШЖҚ КМК», emhana_04.kz  сайтына жолдауға, сонымен қатар Кәсіпорынның  21-58-03  нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!