Бүйрек ауруларының алдын алу.

Бүйрек ауруларының алдын алу. Бүйректеріңізді қалай сауықтыруға болады және неге дұрыс тамақтану жеткіліксіз? Бүйрек біздің денеміздегі өте маңызды орган. Көбінесе олар «екінші жүрек» деп аталады, өйткені олар маңызды сүзу фунцияларын орындайды, организмнен токсиндерді шығарады және метаболизмді реттеуге жауап береді. Өкінішке орай, біз көбінесе тамақтың сапасына мән бермейміз, көп мөлшерде кофе ішіп, суды ішуді ұмытып кетеміз, жаяу жүруді мүлдем қойдық десек те болады. Мұның бәрі бүйректерге теріс әсер етеді және олардың жұмысында елеулі бұзылуларға әкелуі мүмкін. Негізгі қауіп — бүйрек ауруларының ешбір белгі бермей дамуында. Симпомдар бүйрек жұмысын тоқтатқан кезде немесе ауру созылмалы кезеңге өткен кезеңде ғана пайда болады. Сондықтан бүйрек ауруларының аллын алу туралы мүмкіндігінше ертерек ойлану керек, бұл мегаполистің әрбір тұрғынына қатысты. Бүйрек ауруы: негізгі қауіп факторлары. Бүйрек жеткіліксіздігінің қауіп факторларына мыналар жатады.

1.Дұрыс тамақтанбау — майлы және тұзды тағамдарды көп мөлшерде тұтыну, кофе мен газдалған сусындарға шамадан тыс тәуелділік;

2.Гиподинамия (отырықшы өмір салты);

3.Жаман әдеттер — темекі шегу, жиі алкогольді өнімдерді қабылдау;

4.Суды жеткіліксіз қабылдау. Сонымен қатар, бүйрек ауруын туындататын факторлар: дәрілерді шамадан тыс қабылдау (әсіресе ауырсынуды басатын); қатар жүретін жүрек — қан тамырлары немесе жұқпалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, ЖРВИ, синусит және т.б.); суық тию; созылмалы шаршау; генетикалық бейімділік. Алдын алу шаралары: • Су ішу режимі. Барлық органдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ересек адамға күніне орта есеппен 2 — 3 литр сұйықтық қажет. Бұл жағдайда кофе мен шайды пайдалануды шектеу керек, өйткені олар күшті зәр айдайтын әсерге ие және бүйрекке қосымша жүктеме жасайды. • Тұз мөлшерін азайту. Оның шамадан тыс артық болуы бүйрек жеткіліксіздігін ғана емес, сонымен қатар жүрек — қан тамырлары ауруларын (атеросклероз, артериялық гипертензия) тудырады • Тамақтану рационына жасұныққа бай тағамдарды қосу (бұршақ, жасымық, жаңғақтар, жаңа піскен көкөністер және т.б.) — бұл ас қорыту жүйесінің ғана емес, сонымен қатар зәр шығару жүйесінің де дұрыс жұмыс істеуі қажет. Әйелдерде бұршақ дақылдарын тұтыну ұсынылады, өйткені ерлерге қарағанда олар несеп — жыныс мүшелерінің жедел жұқпалы ауруларына бейім.