Жол-көлік жарақатының алдын алу

«Жол жүру ережелерін біл, қауіпсіз өмір таңда, көшеде жүру мәдениетін сақта» тақырыбында онкүндік өтуде.
Халықтың жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол – көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алу туралы хабардар болуын арттыру үшін, 2024 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында — «Жол жүру ережелерін біл, қауіпсіз өмір таңда, көшеде жүру мәдениетін сақта» тақырыбында онкүндік жарияланып, өткізілуде.
Онкүндіктің мақсаты: Балалардың жол – көлік жарақаттануының алын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру, халықтың (ЖҚЕ) жол қауіпсіздігі ережеерін білуін және оларды тәжірибеде қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру үшін, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс – тұрыс қондырғыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жол – көлік жарақаты 5 – 29 жас аралығындағыбалалар мен жастар арасындағы өлім – жітімнің басты себебі болып отыр. Жол – көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан қаза апқан үш адамның екеуі – 18-59 жастағы еңбекке қабілетті ересектер.
Дүниежүзінде жыл сайын шамамен 1,2 миллион адам қайтыс болады, ал өлімге әкелмейтін жарақаттардан, көбінесе мүгедектікке әкелетін жағдайдан 20-50 миллион адам зардап шегеді.
2024 жылдың 6 айында Қазақстанда ЖКО саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88,3 % — ға өсті, жол апатынан қаза тапқандардың 4/1 – жаяу жүргіншілер.
Мұқият бол, жолда абайлап жүр !
Жолда жүру ережелерін сақтасаң, сен өзіңді жарақаттар мен қайғылы оқиғалардан сақтайсың !
Өз балаңыз үшін қауіпсіз орта жасаңыз, жарақаттанулардың алдын аыңыз !
Балаларды қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі.