СОӨА – бұл тыныс жолдарының созылмалы қабынуымен, ауа ағымының қайтымсыз шектелуімен сипатталатын ауру. Көбіне ұзақ жылдар бойы темекі шегудің немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерінен дамиды.
Клиникалық көрінісі (Клиникасы): Жөтел – созылмалы, көбіне таңертеңгі уақытта, қақырықты; Қақырық бөлінуі – тұтқыр, шырышты немесе іріңді болуы мүмкін; Демікпе (ентігу) – бастапқыда физикалық күш түскенде, кейін тыныш күйде де байқалады; Тыныстың тарылуы, сырыл – тыныс шығаруда қиындау (экспираторлық ентігу); Шаршағыштық, әлсіздік – оттегі жетіспеушілігіне байланысты.
Асқынған кезеңдерінде: Цианоз (еріннің көгеруі), Аяқ-қол ісінуі (өкпе жүрек жетіспеушілігі белгілері), Түнгі ентігу ұстамалары.
Профилактикасы (Алдын алу)
Бастапқы профилактика – Темекі шегуден бас тарту – ең басты шара.
Өндірістік зиянды факторлардан қорғану: шаң, газ, химиялық булармен жұмыс істегенде маска, респиратор пайдалану; желдетуді жақсарту. Ауа сапасын жақсарту, экологиялық факторларға көңіл бөлу.
Респираторлық инфекцияларды болдырмау: тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация. Дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, шынығу.
Екіншілік профилактика: Ауруды ерте кезеңде анықтау (жөтелі бар адамдарға спирометрия жасау). Қайталанған инфекциялардың алдын алу (жыл сайынғы екпелер). Дәрігердің бақылауында болу және емді үзбеу. Тыныс алу жаттығулары, өкпені қалпына келтіру (реабилитация).
Асқынулары: Өкпе жүрек жеткіліксіздігі (cor pulmonale). Тыныс жетіспеушілігі. Пневмония. Өкпе гипертензиясы. Асқынған бронхиолит, эмфизема.
Этиологиясы (Себептері): Темекі тарту – негізгі себеп (науқастардың 80–90%-ында). Кәсіби зиянды әсерлер: шаң, түтін, химиялық булар; тау – кен, цемент, металлургия өндірісінде жұмыс істеу. Атмосфералық ластану (смог, түтін, шаң-тозаң). Жиі қайталанатын тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония). Тұқым қуалаушылық бейімділік (α1-антитрипсин тапшылығы). Балалық шақтағы тыныс алу жүйесі аурулары.
#СозылмалыОбструктивтіӨкпеАуруыныңАлдынАл #4қалалықемхана






