Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алыңыз!
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – кене арқылы жұғатын аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру.
Ауру қалай жұғады?
— Зақымданған кененің шағуы арқылы;
— Ауру малдың қаны немесе тіндерімен жанасқанда;
— Науқастың қанымен немесе дене сұйықтықтарымен қорғаныссыз байланыс кезінде.
Белгілері:
— Дене қызуының күрт көтерілуі;
— Қатты бас ауруы;
— Бұлшықет пен буындардың ауыруы;
— Әлсіздік, жүрек айну;
— Ауыр жағдайда теріге және ішкі ағзаларға қан құйылу.
Алдын алу шаралары:
Табиғатқа шыққанда жабық, ашық түсті киім киіңіз;
Кенеге қарсы арнайы қорғаныш құралдарын қолданыңыз;
Табиғаттан келген соң денеңізді және киіміңізді мұқият тексеріңіз;
Кенені өзіңіз жұлып алмаңыз, медициналық көмекке жүгініңіз;
Мал күтімі кезінде қолғап және қорғаныш киімдерін пайдаланыңыз.
Есте сақтаңыз!
Кене шаққаннан кейін дене қызуы көтеріліп немесе өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, уақыт жоғалтпай дәрігерге қаралыңыз.
Денсаулығыңызды қорғаңыз – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алыңыз







