БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ!
8–15 қыркүйек аралығында Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша Ұлттық ақпараттандыру бағдарламасы өткізіледі.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігінен басталады. Балаға жолдан дұрыс өту дағдыларын үйретіп, қауіпсіздік ережелерін күнделікті өз үлгіңізбен көрсетіңіз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін:
Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіңіз;
Бағдаршам сигналдарын сақтаңыз;
Жолдан өтер алдында екі жаққа қарап, қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз;
Көлікте міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағыңыз;
Балаларды жасына және бойына сәйкес арнайы автокөлік креслосында тасымалдаңыз;
Велосипед тебу кезінде шлем мен қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз;
Жол бойында телефон мен құлаққапқа алаңдамаңыз;
Балаларға жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты үйретіңіз.
Баланың өмірі мен қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз!






