Сұрақ–Жауап

Фотобаян

Бейнебаян

Қызылорда облысының
Денсаулық сақтау басқармасының

CALL-CENTER
+7 (724) 240-04-87

Search

БАС ДӘРІГЕРДІҢ БЛОГЫ

Налтаева Улбопеш Санаковна

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс  жариялайды:

          Кәсіпорынның атауы: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

          Конкурс өткізу күні23 шілде  2025 жыл.

         Мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы индексі 210018, электрондық поштасы polik_04.kzo@mail.kz Тасбөгет кенті Шахмардан Есенов көшесі № 38б.

         Негізгі қызметі: Тіркелген халыққа алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету.

          Лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен  тиімді  пайдалануына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелеріне  жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу  және  профилактикалық көмектің  тиімділігі  мен  сапасын  одан  әрі  арттыруға, көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған  персонал жұмысының  жаңа  ұйымдастырушылық  нысандары мен әдістерін  енгізуді  және  қолданыстағыларын  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.

Ұйымның  құрылымдық  бөлімшелерінің  тиімді  өзара  іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық  қызметтерді  дамытуға  және  жетілдіруге  бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан  сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті  кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін  ұтымды  пайдалану, өмір мен денсаулық  үшін  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал  қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін  бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде  ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды  қамтамасыз  етеді, қызметкерлердің  еңбек  уәждемесін, бастамасы мен  белсенділігін  дамытуға  ықпал  етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайларды  зерделеу және  бағалау  жөніндегі  жұмысты  үйлестіреді, адам денсаулығына  қолайсыз  әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша  пәрменді  шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың  жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен  гигиеналық  нормативтердің  сақталуын  жедел  және  зертханалық – аспаптық  бақылауды  және  қадағалауды  ұйымдастырады.

Ұйым қызметінде, оның ішінде  қаржы-шаруашылық  басқару, шарттық  және  қаржылық  тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу  мәселелеріне  медициналық этика, заңдылық  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа  қабылдауды  және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  барлық  қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық  пайдаланудың  орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің  сақталуын  қамтамасыз  етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін  қамтамасыз  етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

аудандық және қалалық маңызы бар, денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігері):

«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік  санаттарын беру  туралы  куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары  білім  және  (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» және «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time  дәрежесі; денсаулық  сақтау саласындағы  менеджер сертификатының болуы;  денсаулық  сақтау  саласындағы  басшылық  лауазымдардағы  жұмыс  өтілі кемінде  2 жыл;

Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші  (жоғары)  біліктілік  санатына  қойылатын  жалпы  талаптарға  сәйкестігі, клиникалық  практикаға  жіберу  үшін  маман сертификаты.

Сондай–ақ,  мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.

Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына  келесі құжаттарды тапсырады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • денсаулық туралы №075 белгіленген нысандағы анықтама
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Құжаттарды  қабылдау  мерзімі   2025 жылғы  08 шілде, құжат қабылдаудың соңғы күні –   2025 жылғы  22 шілде,  сағат 17:00-ге дейін.

Анықтама  алу үшін  байланыс телефоны:  8 – (7242) – 21-58-03.