7 — сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күні

7 — сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай Ашық есік күні өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық күнінің басты міндеті, адам өмірінде денсаулықтың өте маңызды екендігін ұғындыру. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлықпен қарап, түрлі аурулардың алдын алуға арналған күн. Биылғы 2024 жылдың 7- сәуіріндегі Денсаулық күнінің ұраны «Менің денсаулығым, менің құқығым!» Нәсіліне, ұлтына, жынысына, жасына қарамастан барлық адамдар өмір сүруге және денсаулығын қорғауға құқылы. Адам туылғаннан бастап физикалық, психикалық, әл — ауқатының тиесілі және толық құқығына ие. Сондай — ақ бұл құқық адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында да, ДДҰ жарғысында да бекілген. Денсаулық күні бұл — мереке. Бұл күн дені сау, рухты ұлттың дамуына тікелей әсер ететін, сондай — ақ қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылатын кез келген адам үшін мейрам. 2009 жылы қолданысқа енген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелеуді, халықаралық стандартқа сәйкес келуді, медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыруды, сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, техникалармен қамтамасыз етуді қамтиды. Бүгін N4 қалалық емхананың медицина қызметкелері денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым, менің құқығым!» ұранымен акция ұйымдастырды. Тұрғындардың қан қысымы, дене салмағы, бойдың ұзындығы, қандағы қант, холестерин мөлшері анықталып, медициналық — профилактикалық кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, маммогрфия, флюрография кабинеттерінің мамандары келушілерге қызмет көрсетіп, тексеруден өткізді. Денсаулықты сақтаңыз, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы скринингтік тексерілуден өтіңіз.