7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні

«Өмірге дені сау болып келу – жарқын болашақтың кепілі!» ұранымен аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, алдын алу мақсатында 7 сәуір күні №4 қалалық емханада «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күнінде жүктілікті жоспарлау, омыраумен емізудің маңыздылығы, жүкті, босанғаннан кейінгі кезеңде денсаулықты нығайту, сақтау, күйзелістің алдын алу, салауатты өмір салты қағидалары туралы акушерка, педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігер, психолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары әйелдер мен жасөспірімдерге, тұрғындарға медициналық – профилактикалық кеңес беру, алдын алу ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде!», «Бірінші байлық – денсаулық!», Денсаулығыңызға қамқор болыңыз!