Хабарландыру !

ХАБАРЛАНДЫРУ!
ҚҰРМЕТТІ АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2025 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық аясында 11 қыркүйек күні сағат 09.00-13.00 аралығында репродуктивті денсаулықты нығайту мақсатында «Дені сау ұрпақ» ұранымен №4 қалалық емханада «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз. Балалар мен жастардың денсаулығына инвестиция салу өте маңызды.
Осыған байланысты, Сіздерді ашық есік күнінде ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, алдын алуда гинеколог, педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігер, скрининг кабинет,психолог, әйелдерді қарау мен ерлерді қарап – тексеру бөлмесі, дәрігерге дейінгі, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеттерінің мамандарынан кеңес ала аласыздар.
Алдын ала уақытылы тексеруден өтіп, өзіңізге қамқор болыңыз. Денсаулық үшін жеке бас жауапкершілігі көптеген аурулардың алдын алады.
Өз денсаулығыңыз – ӨЗІҢІЗДІҢ қолыңызда!