Вопрос-Ответ

Фотогалерея

Видеогалерея

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ

CALL-CENTER
+7 (724) 240-04-87

Search

БЛОГ ГЛАВНОГО ВРАЧА

Налтаева Улбопеш Санаковна

ТҰМАУДАН САҚТАНАЙЫҚ!

Тұмау – адамнан адамға жеңіл таралатын жедел вирустық инфекция.
Жұғу жолдары: 1. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы;
2. Лас қол арқылы; 3. Таза емес тұрмыстық заттар, ойыншықтар мен басқалар арқылы жұғады.
БЕЛГІЛЕРІ: 1.Бастың ауыруы; 2.Тұмаурату, тыныс алудың қиындығы;3.Тамақтың ашуы; 4.Жөтелу; 5. Құсу; 6. Дене қызуының көтерілуі;7. Көңіл-күйдің нашарлауы, әлсіздік; Іштің өтуі; Бұлшықеттердің ауыруы; Буындар мен сүйектердің ауыруы.
АЛДЫН АЛУ
• Сұйықтықты көп ішу
• Қолды сабынмен жиі жуу немесе зарарсыздандыратын құралдармен сүрту
• Салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде шынығу
• Таза ауаға жиі шығу, ғимаратты ылғалды тазалау және желдету
• Суық тигізбеу, ауа райына сәйкес киіну
• Балғын жемістер, көкөністер мен жидектерді тұтыну
• Бір реттік медициналық бетпердені қолдану
• Жөтеліп және түшкіріп жүрген адамдармен қарым – қатынастан аулақ болу
• Түшкіргенде және жөтелгенде бір реттік майлықты қолдану
Тұмау өзінің асқынуларымен өте қауіпті: пневмония, бронхит, трахеит, отит, жүрек-тамыр жүйесінің, жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит). Тұмау көбінесе созылмалы аурулардың өршуімен бірге жүреді.
Тұмаудың алдын-алып, денсаулығыңызды сақтаңыз!
Тұмау – бұл кең таралған жоғары жұқпалы вирустық инфекция. Тұмаудың тән клиникалық көріністері: дене қызуының күрт көтерілуімен (38°C-тан жоғары), қалтыраумен, бас ауруымен, бұлшықет ауруымен, жалпы әлсіздікпен, жөтелмен бірге жүретін аурудың кенеттен жедел басталуы.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында:
– адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартуды;
– адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде тағуды;
– түшкіру немесе жөтел сияқты белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан сақтаныңыз!
ВАКЦИНАЦИЯ – ТҰМАУДАН САҚТАНУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ!