❓Жүкті әйелмін, жеке гинекологқа қаралып жүрмін. Скринингтерді МӘМС арқылы тегін өте аламын ба?

❓Жүкті әйелмін, жеке гинекологқа қаралып жүрмін. Скринингтерді МӘМС арқылы тегін өте аламын ба?
— Иә, скринингтік тексерулер, соның ішінде пренаталдық скрининг те МӘМС пакетіне кіреді. Сондай-ақ жүкті әйелге зертханалық талдаулар, құралдық диагностика, бейінді мамандардың кеңесі де қолжетімді. Медициналық бақылаудан дер кезінде өту үшін тіркелген емханаңызда жүктілік бойынша есепке (12 аптаға дейін) тұру қажет.
#ӘмсқҚызылорда
#ФсмсКызылорда