Жатыр денесінің қатерлі ісігі — жатырдың ішкі шырышты қабатынан, яғни эндометрийден дамитын қатерлі ауру. Ауруды ерте анықтау емнің уақытында бастауға мүмкіндік береді.
Қандай белгілерге назар аудару қажет? * Етеккір аралығында қан кету. * Етеккірдің әдеттегідей көп немесе ұзақ болуы. * Менопауза басталғаннан кейін қан кету. * Әдеттен тыс сулы немесе қанды бөліністер. * Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе қысым сезімі
Кімдерде аурудың даму қаупі жоғары?
Қауіп факторларына жас ұлғаюы, артық дене салмағы, кейбір гормондық бұзылыстар прогестеронның жеткілікті әсерінсіз эстрогеннің ұзақ уақыт әсер етуі, сондай-ақ тұқым қуалайтын бейімділік жатады.
Нені есте сақтау маңызды?
Әдеттен тыс қан кету, әсіресе менопаузадан кейін байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралуды қажет етеді. Қан кету бір рет қана болып, тез тоқтаса да, гинекологка баруды кейінге қалдырмаңыз.
Бұл белгілер әрдайым онкологиялық ауруды білдірмейді, алайда олардың себебін анықтау маңызды.







