Біз туберкулезді жеңеміз!

«Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!» ұранымен және 4 наурыз Дүниежұзілік семіздікпен күрес күніне орай 5 наурыз күні емханада тұрғындар арасында акция ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында тұрғындардың дене салмағы, бойдың ұзындығы, қан қысымы анықталып, семіздіктің алдын алу, дұрыс тамақтану, күн сайын таңғы ас, күнделікті мәзірдегі жемістер мен көкөністер, дене белсенділігінің пайдасы, күніне 30 минут белсенді қозғалыс — әр түрлі жас топтары үшін қауіпсіз әрі тұрақты жаттығулар мен қимыл-қозғалыс белсенділігі жөнінде ұсынымдар мен дене салмағы индексін анықтау жолдары көрсетіліп, туберкулездің алдын алу шаралары, анықтау әдістері, салауатты өмір салты қағидалары туралы алдын алу ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, оқу — танымдық материалдары таратылды.