26.01.2026 жыл. Бронх демікпесі мектебінде пациенттерге білікті дәрігер А. Б. Көшербаева денсаулық сабағын өткізді. Демікпе — қайталанып отыратын тұншығу ұстамалары мен ысқырып дем алу тән тыныс алудың созылмалы ауруы. Демікпе ұстамасына ықпал ететін кейбір себептер демікпемен ауыратын барлық адамдарға ортақ, ал кейбіреулері дербес сипатта болады. Демікпеге шалдықтыратын ең маңызды қауіпті факторлар деммен кіретін тітіркендіргіш заттар болып табылады, оның ішінде:
* ғимарат ішіндегі аллергендер (мысалы, үйдегі шаң,төсек-жабдықтардың кенелері, кілемдер мен жұмсақ жиһаздар, ауаның ластануы мен үй жануарларының қайызғағы)
* ғимараттың сыртындағы (гүл тозаңы мен көк секілді) аллергендер
* темекі түтіні
* жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіретін заттар.
Ауруды қоздыратын басқа факторларға суық ауа, ашу немесе қорқыныш секілді эмоциялық сезімдер мен дене жаттығуы жатады. Кейбір адамдарда демікпені аспирин мен басқа қабынуға қарсы стероидті емес дәрілер, сондай-ақ бета-блокаторлар (гипертония, жүрек ауруы мен бас ауруын емдеу үшін қолданылатын) дәрі-дәрмектер қоздырады. Демікпені емдеуге болмайтынына қарамастан, тиісті қарау арқылы ауруды бақылауда ұстауға және демікпемен ауыратын адамдарға жақсы өмір сапасын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар демікпенің жеңіл түрімен ауыратын кейбір балаларда есейе келе ауру белгілері жойылып кетеді. Демікпе тұншығу мен ысқырып демалу қайталанатын, адамдарда аурудың ауырлығы мен жиілігі өзгеріп отыратын созылмалы ауру болып талбылады.
Демікпеден зардап шегетін адамдарда аурудың белгілері күніне немесе аптасына бірнеше рет ұстауы мүмкін. Кейбір адамдарда дене белсенділігі кезінде немесе түнде ұстауы мүмкін. Егер қоздыратын заттарды тауып, олардың әсерінің алдын алмаса, тыныс алу жолдары тарылып, ол өмірге қауіп төндіру және демікпенің ұстауына, тыныс алудың жеткіліксіздігіне, тіпті өлімге алып келуі мүмкін.
Бронх демікпесінің асқынуына жол бермеу үшін: Салауатты өмір салтын ұстануды, иммунитетті өзгертуді, шынықтыруды, үнемі жаттығу жасауды қамтамасыз ету; Аллергиялық заттарды (аллергиялық ринит және т.б.) уақытында диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз ету; Респираторлық инфекцияларды дер кезінде емдеуді қамтамасыз ету;Дәрігер кеңес бергеннен кейін ғана кез келген дәрі-дәрмекті қабылдауды іске асыру; Аэроаллергендерді қолдануды шектеу, дезодоранттар және т.б. Ғимаратты жиі тазалауды қамтамасыз ету, шаң-тозаң жинайтын заттарды жою; Темекі шегуді азайту немесе тастау, соның ішінде пассивті темекі шегуді болдырмау; Кәсіби залаладықты жою.









