Құрметті мейірбикелер!
Сіздерді «12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Мейірбике ісі – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі. Олар сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері.
Мейірбикелердің науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
Осындай қиын да қызықты қызметті таңдаған жандарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Бұл жауапкершіліктің үдесінен шығып жүрген мейірбикелердің еңбегі қандай құрметке де лайық. Дәрігерлік саланың қай-қайсы болсын мейірбике көмегіне жүгінеді. Мейіргерлік мамандық — медицина саласының басты тетігі десек те болады.
Медициналық көмекке жүгінудің алғашқы әрекеті, регистратурада тіркелуден бастап, ең қиын ота жасау кезінде, одан кейінгі дәрігер белгілеген барлық емді уақытында, сапалы түрде жасау ол сіздердің адал еңбектеріңіз. Әлемде орын алған пандемия кезінде жанкешті, өзге адам өмірі үшін өз өмірін тігіп еңбек еткен Сіздерсіздер.
Қадірлі мейіргерлер қауымы!
Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз…
Еңбектеріңіз әрдайым халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте абырой тілеймін!
Әрдайым кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер!
Құрметпен,
Құрманғали Алмат Дәленұлы
№4 қалалық емхананың бас дәрігері






