20 мамыр — Дүниежүзілік травматолог күні!
Маханбетжанов Арипжан Бержанұлы, 1963 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ақмола медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1993 жылы Емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.
1993-1994 жж облыстық аурухананың хирургия бөлімінде интературатура өтті.
1994 -1998 жыл аралығында Сырдария аудандық ауруханасында дәрігер хирург.
1998-2003 жыл аралығында «КуатАМмонМунай» ЖШМ дәрігер.
2003-2007 жыл аралығында ҚАЖ Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында дәрігер.
2007 -2010 жыл аралығында «Центрально — Азиатская сервисная группа» Алматы филиалында дәрігер.
2010 жылдан бастап №4 қалалық емханада дәрігер травматолог, 2010 жылдың наурыз айынан бастап дәрігер хирург лауазымында жұмыс жасап келеді.
2021 жылы «Алтын дәрігер» марапаты иегері атанған. Жалпы медициналық еңбек өтілі 29 жыл 7 ай. Жоғары санатты дәрігер, бірнеше рет білім деңгейін көтерген.
Травматолог дәрігер мамандығы — бұл зейінді, тез және аса жауапты шешім қабылдауды, жоғары біліктілік пен тәжірибені талап ететін нағыз мамандық. Көбінесе пациенттің денсаулығы ғана емес, оның өмірі де мамандардың біліктілігіне байланысты.
Маханбетжанов Арипжан Бержанұлы, өз жұмысынан мол тәжірибе жинақтаған іскер де беделді дәрігер. Қызметіне жауапкершілікпен қарайды. Мінезі ұстамды, кішіпейіл, қызмет барысында талап қоя біледі. Емхананың кәсіподақ төрағасы болып жұмыс атқарды, осы жылдар ішінде халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп, халықтың алғысына ие болған жанның бірі. Кейінгі жастарға өз тәжірибесін үйретуден аянбайтын тәлімгер. Науқастар мен әріптестер арасында әрқашан жылы шыраймен тіл табысып, қиын жағдайда қол ұшын беруге әрдайым даяр жан. Отбасылы, екі баласы бар, екі немеренің ардақты атасы. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық және жұмысыңызға сәттілік тілейміз.






