Денсаулық мектептері —  денсаулықты нығайту мен сақтауға дағдыландыру

Құрметті тұрғындар назарына!

№4 қалалық емханада Сіздер үшін, денсаулық мектебі, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті жұмыс жасайды. Денсаулық мектебінің мақсаты – азаматтарға жасалатын медициналық қызметті оңтайландыру, адамның басты құндылығы денсаулыққа дұрыс көзқарас қалыптастыру, аурудың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, асқынулардың алдын алу, өзін-өзі басқаруға үйрету.
Қазіргі таңда созылмалы жұқпалы емес аурулар жүрек қан-тамыр дерттері, инсульт, қант диабеті аурулары жасаруда және белең алуда. Осыған орай, скринингтік тексеру барысында анықталған қауіп-қатер факторлары: артық салмақ, семіздік, зияды әдеттер, темекі шегу, дене белсенділігінің төмендігі, стресстік жағдайлардың алдын алу мақсатында емханада арнайы денсаулық мектептерінің жұмыс жасайтынын хабарлаймыз. Егер сіздің бойыңыздан осы қауіп-қатер факторлары анықталса және сіз диспансерлік бақылауда болсаңыз, денсаулық мектебіне келіңіз, барлық сұрақтар бойынша кеңес ала аласыздар.
Денсаулық мектептері — денсаулықты нығайту мен сақтауға дағдыландыру
Отбасын жоспарлау мектебі – аптаның 5 күн бойы сағат 08.00-17.00.
№52 кабинет
Босануға дайындық мектебі – аптаның 5 күн бойы сағат 08.00-17.00.
№5 кабинет
Жас аналар мектебі – аптаның 5 күн бойы сағат 08.00-17.00. №5 кабинет
Баланың даму кабинеті-аптаның 5 күн бойы сағат 08.00-17.00.№57 кабинет
Қауіп-қатер факторлары мектебі – аптаның 5 күн бойы сағат 08.00-17.00. №73 кабинет
Бронх демікпесі мектебі – әр аптаның дүйсенбі күні сағат 16.00. -17.00.
№47 кабинет
Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы мектебі –
әр аптаның сейсенбі күні сағат 16.00. -17.00. №45 кабинет
Инсульттің алдын алу мектебі -әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16.00.- 17.00.
№75 кабинет
Қант диабеті мектебі — әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.017.00 №45кабинет
Қарттар мектебі — әр аптаның жұма күні сағат 16.00-17.00. №47 кабинет

Құрметті тұрғындар!
Біз Сіздерді Күтеміз! Мекен жайымыз: Есенов көшесі №38 Б
Сіздерді денсаулық мектебіне оқуға келуге шақырамыз.
Ұзақ өмір сұру – өз қолыңда! Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі!