Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ны табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің қызметіне әсер ететін нормативтіқ құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық — басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Кәсіпорынның 24.04.2026 жылғы №53-н бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмысы 2025 жылды қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Ш.Есенов №38б мекенжайдағы ғимаратында орналасқан Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның emhana_04.kz сайтына жолдауға, сонымен қатар Кәсіпорынның 8 (7242) 21-58-03 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!







