МӘМС аясында қандай медициналық көмек көрсетіледі?

МӘМС аясында қандай медициналық көмек көрсетіледі?
ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі)
Бұл көмекті Қазақстанның барлық азаматтары ала алады:
• Жедел жәрдем;
• Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
• Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу;
• Шұғыл стационарлық көмек;
• Вакцинация;
• Паллиативтік көмек.
МӘМС пакетіне кіретін қызметтер
Сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі:
• Тар бейінді мамандар консультациясы;
• Диагностикалық зерттеулер;
• Жоспарлы операциялар;
• Стационарлық ем;
• Медициналық оңалту;
• Қымбат зертханалық қызметтер.