Туберкулез-тек өкпені ғана емес, басқа мүшелерді де зақымдауы мүмкін жұқпалы ауру. Ол кейде ұзақ уақыт бойы жасырын дамиды. Сондықтан денсаулыққа бейжай қарамау маңызды!
Қандай белгілерге назар аудару керек? Ұзаққа созылған жөтел, түнгі тершеңдік, әлсіздік дене қызуының көтерілуі және себепсіз салмақ жоғалту.
Өзіңізді қалай қорғайсыз?
Үй-жайды жиі желдетіңіз; Уақытылы медициналық тексеруден өтіңіз; БЦЖ вакцинациясын назардан тыс қалдырмаңыз.
Ауру белгілері байқалса, дәрігерге қаралыңыз.
Ең бастысы -туберкулезді емдеуге болады! Ерте анықтау және емді толық аяқтау сауығу мүмкіндігін арттырады,
Ақпаратпен бөлісіңіз. Денсаулык туралы білім — аурудың алдын алудың маңызды қадамы!










