«Дүниежүзілік қалқанша безі күніне орайластырылған қалқанша безі обыры туралы»

2026 жылдың 25-31 мамыр аралығында «Дүниежүзілік қалқанша безі күніне орайластырылған қалқанша безі обыры туралы» хабардарлық апталығы жарияланады.
Қалқанша безінің обыры — мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, көбелек тәрізді пішіні бар қалқанша безінде пайда болатын қатерлі ісік. Бұл ауру бастапқы кезде ешқандай белгі бермеуі мүмкін немесе жеңіл симптомдармен өтеді. Көп жағдайда медициналық тексеруден өту кезінде анықталады. Ауру белгілі бір деңгейге жеткенде қалқанша без түйіні, дауыстың қарлығуы, дауыс желбезектерінің салдануы пайда болады. Ал ісік өңешке әсер еткенде жұтыну қиындайды. Ісік кеңірдекке жеткенде тыныс алу қиындайды. Сондықтан уақытында тексеруден өтіп тұру қажет.