31 ҚАЗАН — СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!
Қызылорда облыстық онкология орталығы сіздерді ашық есік күніне шақырады!
Сіздерді не күтеді?
Маммолог дәрігердің тегін кеңесі;
Дәрігердің нұсқаулығымен УДЗ және маммография аппараттарына түсу мүмкіндігі.
Күні: 31 қазан
Уақыты: 09:00–13:00
Өтетін орны: Қызылорда облыстық онкология орталығы.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау — тиімді емнің маңызды қадамы. Уақытылы тексеріліп, өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз!
Өзіңізді күтіңіз, денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!







