Сүт безі обыры диагнозы физикалық денсаулыққа ғана емес, Психикалық денсаулыққа да әсер етуі мүмкін.
Қорқыныш, алаңдаушылық, күйзеліс немесе белгісіздік сезімдерін жалғыз өткерудің қажеті жоқ.
Медицина қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің, достардың, сондай-ақ пациенттерге қолдау көрсететін ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың психологиялық және психоәлеуметтік қолдауы сүт безі обырына шалдыққан адамдарға көрсетілетін кешенді көмектің маңызды бөлігі болып табылады,
Әр адамның жолы — ерекше. Әрбір оқиғаның маңызы бар. Егер өз сезімдеріңізбен күресу қиын болса, қолжетімді психологиялық және психоәлеуметтік қолдау туралы медициналық көмек көрсететін мамандармен сөйлесіңіз.






