Қан қысымын бақылау – денсаулық кепілі
Қан қысымының жоғарылауы (артериялық гипертония) ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан оны уақытылы бақылау өте маңызды.
Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек?
Өлшеуге дейін 30 минут бұрын кофе, қою шай ішпеңіз және темекі шекпеңіз.
Өлшеу алдында 5–10 минут тынығып алыңыз.
Арқаңызды тіреп отырып, аяқты айқастырмай ұстаңыз.
Қол жүрек деңгейінде болуы тиіс.
Қысымды екі рет өлшеп, нәтижесінің орташа көрсеткішін алыңыз.
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші:
120/80 мм сын. бағ. шамасы – қалыпты деңгей.
Егер қан қысымыңыз бірнеше күн қатарынан 140/90 мм сын. бағ. немесе одан жоғары болса, дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.
Қан қысымын қалыпты ұстау үшін:
Тұзды шамадан тыс пайдаланбаңыз.
Дұрыс тамақтаныңыз.
Күн сайын белсенді қозғалыста болыңыз.
Темекі мен алкогольден бас тартыңыз.
Дене салмағын бақылаңыз.
Дәрігер тағайындаған емді үзбей қабылдаңыз.
Денсаулығыңызды күтіңіз! Қан қысымын жүйелі бақылау жүрек пен қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі.







