Құрметті тұрғындар назарына!

Құрметті тұрғындар назарына!
№4 қалалық емханада темекіге қарсы кабинет жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.
Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 8 миллионнан астам адамды қазаға душар етеді. Қазіргі таңда темекі шегушіліктен болатын 25-тен аса ауру түрлері белгілі, соның ішінде ең көп тараған жүрек қан-тамыр, өкпенің созылмалы бронх-демікпесі мен онкологиялық аурулары. Денсаулық үшін темекі шегушілік қауіп – қатер факторы болып табылатынын ескертеміз!
Осыған байланысты тұрғындарды біздің емханамыздағы мамандардан кеңес алып, мақсатты түрде темекіден бас тартуға ұмтылыс жасауларыңызды сұраймыз.
Темекіден бас тарту арқылы өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қаласыз және өз өміріңізді ұзарта аласыз! Өз өміріңізге қауіп төндірмеу тек өз қолыңызда!
Мекен жайымыз: Есенов көшесі 38 Б, №73 кабинет.