29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні .Оның мақсаты – аурудың ауырлығына және оны анықтау қажеттілігіне назар аудару, деп хабарлайды.
Инсульт – мидағы қан айналымының бұзылуы, жасушалардың өлуіне немесе тамырлардың жарылуына әкелетін жағдай. Инсульт кезінде шұғыл ауруханаға жатқызу және шұғыл емдеу қажет.
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді төмендетудегі заманауи медицинаның жетістіктеріне қарамастан, инсульт халықтың өлімі мен мүгедектігінің негізгі себебінің бірі болып қалып отыр. Жыл сайын әлемде миллиондаған адамдар инсульттан зардап шегеді. Бірақ қауіп факторларын түзету арқылы оның алдын алуға болады.







